Әзірленген мерекелеу тұжырымдамасына сәйкес, «Тарих күнінде» өткізілетін іс-шаралардың басты мақсаты жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу, туған өлкенің тарихы туралы түсініктерді кеңейту, Отан тарихын терең білу арқылы өз елі мен жеріне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру болып табылады.

Бұл күн колледж мұражайына жаңа қабылданған топ студенттеріне экскурсия жасаудан басталды. Мұражай меңгерушісі Д.С. Ахметова қатысушыларды колледждің ұйымдастырылуы мен қызметінің негізгі кезеңдерімен таныстырды. Соғыс және бейбітшілік жылдары біздің оқу орнымызды даңқтаған атақты түлектерге ерекше назар аударылды. Студенттер экскурсоводтың біздің оқу орнымызға есімі берілген атақты жерлес Жәлел Қизатовтың өмірі мен қызметі туралы әңгімесін ерекше ықыласпен тыңдады.

Бұл күні 1 курс студенттерінің Явленка ауылындағы Есіл ауданының өлкетану мұражайына экскурсиясы өтті. Олардың назарына мұражай қызметкерлері біздің өлкеміздің өткеніне экскурсия ұсынды. Балаларды ата-бабаларымыздың өмірі туралы куәландыратын түпнұсқа экспонаттар, құжаттар қызықтырды.

Тарих күнінің» тағы бір маңызды оқиғасы кітапханашы К.Б.Гайсина және тарих пәнінің оқытушысы К.Қ.Қапаров дайындаған «Тәуелсіздік шежіресі» дөңгелек үстелін өткізу болды. Биыл Қазақстан Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде. Әңгіме барысында еліміздің мемлекеттілігінің қалыптасуының маңызды кезеңдері, өмірге енген өзгерістер мен жетістіктер туралы сөз қозғалды.
«Тарих күні» қорытынды шарасы – Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған әдеби оқулар. Бұл іс-шараның басты мақсаты ақынның туған жеріне, еліне, ерлігіне, батырлығы мен адамгершілігіне арналған өлеңдерін насихаттауға бағытталған. 1 курс студенттерімен ақынның өлеңдері оқылады.
